Тікелей эфир

Тікелей эфир
2020 жылдың 6 ақпанында «Ақтөбе облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқармасы» ММ-нің басшысы Ә.Қ.Мырзалин халықпен әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирге шыққан болатын. Тікелей эфирге 200 ден астам адам қатысып, азаматтар өз сұрақтарына жауап алды. Эфирде 70 тен астам сұрақ қойылды. 40 сұрақ - Жеке тұрғын үй құрылысы (ИЖС) үшін жер беру мәселелері жайында,яғни "Ақтөбе қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ-не қатысты сұрақтар. 10-нан астам сұрақ – жер мәселелеріне мүлдем қатысы жоқ сауалдар.Бірнеше мәрте қайталанған сұрақтар да қойылды.
Сұрақтар
Жауаптар
1
Жер жеке меншікте.Қазіргі уақытта жер қатынастары бөлімімен ауыртпалық салынған. Оны қалай алуға болады?
ҚР Президентінің 26.12.2019 жылғы № 229 жарлығына сәйкес шағын кәсіпкерлікті, оның ішінде микрокәсіпкерлерді тексеруге 2020 жылдың 1 қантарынан 2023 жылдың қантарына дейін мораторий жарияланды. Соған байланысты, қазіргі кезде түсініктеме алу үшін ҚР Ауыл шаруашылығы, ҚР Ұлттық экономика министрліктері және прокуратура органдарына хат жолданды. Нұсқама 1 жыл мерзімге бұзушылықтарды жоюға беріледі. Егер бұзушылық жойылса, құжаттары (облыстық құрылысты қадағалау басқармасынан талон- құрылысқа рұқсат құжаты, жобалау- сметалық құжаттары және т.б. құжаттары), құрылыс жұмыстары жүргізілген болса, онда ауыртпалықты салған орган, оны алып тастай алады.
2
Пайдаланбайтын жерлерге қандай шаралар қолданылады?
ҚР Жер Кодексінің 92 бабына сәйкес егер құрылысқа арналған жер учаскесі оны беру туралы шешім қабылданған күннен бастап 3 жыл, ауыл шаруашылығына арналған жер учаскесі 2 жыл мақсатына сай пайдаланбаса, ол жерлер тексеріліп, бұзушылықтарды жоюға 1 жылға нұсқама беріледі. 1 жылдан кейін нұсқама орындалмаса, бақылау тексеру жүргізіліп, әкімшілік сотқа материалдары жіберіледі. Әкімшілік сот айыпұл салып, сосын ол материалдар талап – арызбен экономикалық сотқа жіберіледі мемлекет меншігіне мәжбүрлеп қайтаруға.Коммерциялық мақсаттағы жерлерде тиісті құжаттары жасақталып, қоршау және құрылыс жұмыстары жүргізілуі тиіс. Ауылшаруашылғы өндірісін жүргізу үшін берілген жер учаскесін мақсаты бойынша қайталанбау жағдайларына:
1) Егістікте – ауыл шаруашылығы дақылдарының егілмеуі
2) Шабындықта – шөптің шабылмауы
3) Жайылымдарда – жаю үшін ауылшарушылығы малының болмауы немесе жайылымның жалпы алаңы жүктемесінің шекті рұқсат етілетін нормасының 20 пайыздан аз болуы;
3
Ауыл шаруашылығы жерлерін пайдаланбаған жағдайда қандай шаралар қолданылады?
Тексеріліп 1 жылға бұзушылықты жоюға нұсқама беріледі. 1 жылдан кейін бақылау тексеру жұмыстары жүргізіліп, нұсқама орындалмаса тиісті әкімшілік шаралар қолданылады.Ауыл шаруашылығы мақсаттағы жерлерді тексеру ҚР Жер Кодексінің 04.05.2018 жылғы № 151- IV заңына сәйкес аудандардың атқарушы органдардың құзыретіне берілді.
4
Коммерциялық мақсаттағы жерлер бойынша пайдаланбау критерийлері қандай?
Коммерциялық мақсаттағы мақсаттағы жерлер бойынша тиісті құжаттар (жобалық – сметалық құжат, құрылыс жұмыстары басталғаны жөнінде сәулет – құрылыс бақылау басқармасынан талон, техпаспорт, құрылысты қабылдау жөніндегі акт және т.б.). Жер учаскесі қоршау мен қоршалып,(фундаменті) іргетасын, қабырғасы қалануы керек.
5
Ауыл шаруашылығы және коммерциялық мақсаттағы жерлер қалай беріледі?
Ауыл шаруашылығы және коммерциялық мақсаттағы жерлер конкурстар, аукциондар арқылы сауда – саттықпен беріледі. Өтініш жергілікті атқарушы органға жолданады. Бұқаралық ақпарат құрылдарында жердің орналасқан жері, көлемі, бағасы жөнінде ақпарат жарияланады.
6
Пайдаланбаған ауыл шаруашылығы және коммерциялық мақсаттағы жерлерге шектеу қойыла ма?
Пайдаланбаған ауыл шаруашылығы және коммерциялық мақсаттағы жерлер тексерілгеннен кейін ол нысаналы мақсатына сай пайдаланбаса 1 жылға нұсқама беріліп, Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы арқылы, жерді сатып жібермес үшін, тексерілген органмен ауыртпалық салынады. 1 жылдан кейін нұсқама орындалса сол органмен ауыртпалық алынады.
7
Алға ауданы Тоқмансай ауылында ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер пайдаланбай жатыр?
ҚР Жер Кодексінің 04.05.2018 жылғы № 151- IV заңына сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге тексеру жүргізу жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне берілген. Біздің басқарма тексеру жүргізуге құқығы жоқ.
8
Мемлекеттен алған жерді сатуға болама?
Жергілікті атқарушы органмен жеке тұрғын үй құрылысы үшін (жтқ) жер 2,3 жыл мерзімге жалға беріледі. Егер тұрғын үйдің құрылысы салынып, бітіп, құрылысты қабылдау актісі жасалса, жерді жеке меншікке актісін рәсімдеп, сосын сатуына болады.
9
Қоршау, әжетхана жер учаскесіне салынса жер тартып алына ма?
Жер учаскесі жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін берілген. Сондықтан міндетті түрде үй салу керек.
10
Жер учаскесін неше рет алуға болады?
Қазақстан Республикасның әрбір азаматына жеке тұрғын үй құрылысы үшін – 0,10 га жер тегін беріледі. Аталған мақсат үшін қайталап тегін беруге жол берілмейді.
11
Пустые земли как выдаются?
Пустые земли выдаются через конкурс, аукционы объявления (с указанием местоположения, площадь перваначальная стоимость)через средств массовой информации.
12
Коммерциялық жерлер қалай игеріліп жатыр?
Басқарманы 2019 жылы облыс бойынша 68,2 га алаңдағы 14 жер учаскесі сот тәртібімен мемлекет меншігіне қайтарылды. Қайтарылған жерлерге сот орындаушысы сату рәсімдерін жүргізіп, жер учаскесінің иесіне құны тиісінше қайтарылады.
13
В районе колхозного рынка хоз поставить коммерческий ларек?
Вам надо обращаться с заявлением в акимат г.Актобе.
14
Баракта тұрамыз, қосымша жер қосып алуға болады ма?
Ақтөбе қаласының әкімдігіне өтініш жазуыңыз қажет.
15
Жеке қосалқы шаруашылығынан (лпх) жеке тұрғын үй құрылысы үшін нысаналы мақсаты өзгертіледі ме?
Ол үшін Ақтөбе қаласының әкімдігіне өтініш беруіңіз қажет.
16
В районе колхозного рынка самовольный захват земель?
Если имеется факт самовольного захвата государственных земель, то надо написать заявление в адрес нашего Управления. Управлением будет проведена проверка, если имеется нарушение, то будет накладываться согласно Закона административный штраф и предписания об устранения нарушения.