Ақтөбе қаласы бойынша жүргізілген тексерулерге анықтама

Ақтөбе қаласы бойынша жүргізілген тексерулерге
анықтама
2019 жылы Ақтөбе қаласының коммерциялық мақсаттағы жалпы алаңы 252,8898 га 154 жер учаскесін тексеруге материалдар келіп түскен. Оның 123-і тексеріліп, 102-інде 175,3259 га алаңда бұзушылық анықталып, ҚР Жер Кодексінің 92 бабы 2 тармақтарына сәйкес бұзушылықтарды жоюға 1 жыл нұсқама берілді. 21 жер учаскесінде 5,2545 га алаңда бұзушылық анықталмаған.
Қала бойынша 2018 жылы коммерциялық мақсаттағы 66 жер учаскесіне, жалпы алаңы 94,7645 га 1 жылға нұсқама берілген.Оның 64 жер учаскесіне 2019 жылы бақылау тексеру жүргізіліп, алаңы 40,6161 га, 41 жер учаскесінде бұзушылық жойылған, 1 жер учаскесі , 2,3808 га алаңда өз еркімен мемлекет меншігіне қайтарылған. 17 жер учаскесінде бұзушылық жойылмағандықтан ісі әкімшілік сотқа жолданды. Оның ішінде 5 жер учаскесі алаңда 5,911 га алаңда сот тәртібімен мемлекет меншігіне қайтарылған. Қалған алаңы 0,1 га, 2 жер учаскесіне бақылау тексеріс жүргізілуде.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 04 мамырдағы №151-VI “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заңына сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру Ақтөбе қаласының және аудандардың атқарушы органдарының құзіретіне берілді. Сондықтан басқармамен 2018 жылдың 20 мамырынан бастап ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге тексеру жүргізілген жоқ. 2017-2018 жылдары тексеріп, 1 жылға нұсқама берілген агроқұрылымдардың жерлеріне бақылау тексерулер жүргізілді.
2020 жылдың 1 қаңтарына Ақтөбе қаласы бойынша 2018 жылы берілген нұсқаманың 2 агроқұрылым бойынша, алаңы- 107 га жер бақылау тексеру жүргізілді. Оның 107 га алаңы 2 жер учаскесінде бұзушылық жойылған.
Облыстық прокуратурадан Ақтөбе қаласы бойынша пайдаланылмай жатқан коммерциялық мақсаттағы 167 жер учаскесі бойынша жалпы алаңы – 536,9229 га тексеруге материал келіп түскен, оның 71-і ,алаңы - 282,9249 га тексеріліп, заң бұзушылықты жоюға 1 жылға нұсқама берілген. 32 –сі , алаңы 74,9018 га пайдаланып отырғаны анықталды. 23-і ,алаңы – 80,5905 га жерің өз еркімен мемлекет меншігіне қайтарған. ҚР жер Кодексінің 92 бабы 2 тармағына сәйкес 26 субъекті, 63,0897 га алаңда тексеріске жатпайды. Қалған 15 субъект, 34,5462 га алаңда жерін пайдаланбай отыр.
Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.