Жергілікті атқарушы органдардың қабылданған шешімдерінің заңдылығын бақылау

Жергілікті атқарушы органдардың қабылданған шешімдерінің заңдылығын бақылау бойынша-Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 04 мамырдағы №151-IV «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес ҚР Жер Кодесінің 147 бабы 1-1 тармағы бойынша аудандардың жергілікті атқарушы органдардың, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округ әкімдерінің ҚР Жер заңнамасы саласында қабылданған шешімдерінің заңдылығын бақылау біздің Басқарманың құзыретіне берілді.
Осыған байланысты 2019 жылдың,II-жарты жылдығына профилактиқалық бақылау мен қадағалау жүргізу мақсатында 6 ауданның жергілікті атқарушы органдарын тексеру жоспарланды.
Қазіргі кезге дейін 6 аудан бойынша ( Мұғалжар,Алға,Хромтау, Шалқар, Ойыл, Ырғыз.) профилактикалық бақылау тексеру жүргізілді. Тексеру кезінде әр аудан бойынша аудандық, қалалық және аппараты, аудандық жер қатнастары және сәулет, қала құрылысы бөлімдерінің жер заңнамасы саласында қабылданған шешімдердің заңдылығына бақылау жүргізілді.
Бақылау тексеру жүргізілген 6 ауданда 88 шешімдерді шығарған кезде ҚР Жер Кодексінің 48 бабының бұзылуы анықталды, яғни 44 ауыл шаруашылығы және 44 коммерциялық мақсатындағы жер учаскелері сауда-саттықсыз ( конкурстар, аукциондар) берілген. Оның ішінде аудандарға тоқталатын болсақ:
1.Шалқар ауданында 24 коммерциялық мақсаттағы;
2.Мұғалжар ауданында 2коммерциялық мақсаттағы,1ауыл шаруашылығы мақсаттағы;
3.Хромтау ауданында 10 ауыл шаруашылығы мақсатындағы,10 коммерциялық мақсаттағы;
4.Алға ауданында 19 ауыл шаруашылығы мақсаттындағы, 8 коммерциялық мақсаттындағы ;
5. Ойыл ауданында 9 ауыл шаруашылғы мақсатындағы;
6. Ырғыз ауданында 5 ауыл шарушалығы мақсатындағы, жерлер сауда-саттықсыз берілген.
Бұл анықталған бұзушылықтарды жоюға, оларды жоюдың мерзімдері көрсетіліп, нұсқамалар берілді.