2019 жылы жүргізілген бақылау тексерістер

Бақылау тексеру бойынша коммерциялық мақсаттағы 2018 жылғы берілген 128 нұсқамаларға сәйкес бақылау мерзімі келген 104 субъектіге, 207,15 га алаңда бақылау тексеру жүргізілді. Соның ішінде тексеру нәтижесінде облыс бойынша коммерциялық мақсаттағы 12 жер учаскесі, алаңы-28,8 га жер өз еркімен мемлекет меншігіне қайтарылды. 60 субъектіде, 48,12га алаңда бұзушылық жойылған. 27 субъектіде 69,29 га бұзушылық жойылмағандықтан, іс-материалдары әкімшілік сотқа жіберіліп, 2878,5 мың теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Соның ішінде 6 жер учаскесі,60,97 га алаңда сот тәртібімен мемлекет меншігіне қайтарылды. Қалған 24 субъектілерге алдағы уақытта бақылау тексеру жұмыстары жүргізіліп, тиісті әкімшілік шаралар қолданылады.
Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 04 мамырдағы № 151- IV «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру Ақтөбе қаласының және аудандардың атқарушы органдарының құзіретіне берілді. Сондықтан, біз қазір ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге 2018 жылдың 20 мамырынан бастап тексеру жүргізбейміз. Біз тек 2017, 2018 жылы тексеріп, 1 жылға нұсқама берілген агроқұрылымдардың жерлеріне бақылау тексеру жүргіземіз.
Басқарма тарапынан 2018 жылғы ауыл шаруашылығы мақсатындағы берілген 37 нұсқама бойынша 37 агроқұрылымға, жалпы алаңы 33019,81 га бақылау тексеру жүргізілді. Сол 37 агроқұрылымның 30-ында 20785,81 га алаңда бұзушылық жойылды. 7 жер учаскесі ,12234 га алаңда өз еркімен мемлекет меншігіне қайтарылды.
3-шаруашылық бойынша, алаңы 35702га бұзушылық жойылмағандықтан, іс-материалдары сотқа жіберіліп, соның ішінде 3 жер учаскесі, алаңы 35702 га сот шешімімен мәжбүрлеп мемлекет меншігіне қайтарылды.