Коммерциялық мақсаттағы және өз бетінше жер иелену фактілері бойынша тексеру нәтижесінде

Коммерциялық мақсаттағы және өз бетінше жер иелену фактілері бойынша тексеру нәтижесінде 888 га алаңда ҚР Жер Заңнамасын 252 бұзушылық анықталды, 30 бұзушыға қатысты әкімшілік өндіріс қозғалды.
30 бұзушыға қатысты жалпы сомасы 5296,191 мың теңге айыппұлдар түріндегі әкімшілік шаралар қолданылды.
Коммерциялық нысандар құрылысына берілген жерлер бойынша Басқарма аудандар мен Ақтөбе қаласының аумағында орналасқан 540,0 га алаңдағы 249 жер пайдалану субъектісі тексеріліп жалпы алаңы 531,95 га жерде 215 бұзушылық анықталып, жерлерді ұзақ уақыт бойы пайдаланбағаны үшін 215 бұзушыға ҚР Жер кодексінің 92,94 баптарына сәйкес анықталған бұзушылықтарды жою және 1 жыл ішінде жерді өз мақсатында пайдалану қажеттігі туралы нұсқамалар берілді, ауыртпалықтар салынды. Алаңы 8,05 га 34 жер учаскесінде бұзушылық анықталған жоқ.
Облыстық прокуратураның ұсынысында көрсетілген коммерциялық мақсаттағы пайдаланылмай жатқан жалпы алаңы 704,3 га 355 жер учаскенің ішінен облыстық жер инспекциясы тарапынан қазіргі кезде жалпы алаңы 406,5 га 166 жер учаскесі тексеріліп, ҚР Жер Кодексінің 92 бабы 2 тармағына сәйкес бұзушылықтарды жоюға 1 жылға нұсқама берілді.
Мемлекет меншігіне 63 жер учаскесі, алаңы 99,1 га қайтарылған.Қазіргі кезде 26 жер учаскесі 56,6 га алаңда жерлерін мақсатына сай пайдалануда. ҚР Жер Кодексінің 92 бабы 2 тармағына сәйкес құрылысқа арналған жер учаскесі оны беру туралы шешім қабылданған күннен бастап 3 жыл болмаған 72 жер учаскесі 103,8 га алаңда тексеріске жатпайды.
Қалған 38,3 га алаңдағы 28 жер учаскесі бойынша кейбір субъектілер тіркелген мекен-жайда тұрмауына және облыс аумағынан кетіп қалуларына байланысты облыстық құқық қорғау органдарымен бірге іздестіру жұмыстары жүргізіліп, субъектілер табылмағандықтан, 28 жер учаскесін иесіз мүлік ретінде тіркеуге қою үшін аудан әкімдіктеріне жолданды. Қазіргі кезде 2 ауданда 13 учаске 3,71 га алаңда иесіз мүлік ретінде есепке қойылды, 2 ауданда есепке қою жөнінде жұмыстар жүргізілуде.
Сонымен қатар, жерлерді өз бетінше басып алуды болдырмау және анықтауға бағытталған мемлекеттік бақылау барысында Басқарма биылғы жылдың басынан бастап 151,05 га алаңда 16 бұзушылықты анықтады, салынған айыппұл сомасы 4993,19 мың теңге құрады. Бүгінгі күні өз еркімен 13 айыппұл 4393,502 мың теңге мөлшерінде өндірілген.
Жер учаскелерінің иелері мен жер пайдаланушылар тарапынан бұзушылықтар негізінде салынған қоршауларды жер учаскесінен тысқары шығып кетіп, мемлекет меншігіндегі жерлерді басып алу, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан мемлекет меншігіндгі жерлерді өз бетінше иелену жалға алу шартының мерзімін ұзартпағаннан болады. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.