Зейнетақы калькуляторының жаңа мүмкіндіктері

Зейнетақы калькуляторының жаңа мүмкіндіктері Қор мамандары enpf.kz сайтындағы ең танымал сервистердің бірін жаңартты. Болжамды зейнетақы калькуляторы БЖЗҚ-ның әрбір салымшысына өзінің болашақ зейнетақы төлемдерінің мөлшерін анықтауға көмектеседі. Бұл ретте ол мемлекеттік базалық зейнетақы мен жасына байланысты ортақ зейнетақыны және БЖЗҚ төлемдерін қатар көрсетеді. Одан басқа міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары бойынша ашылған шоттардағы қаражатты қосып, жалпы сомасын шығарады. Салымшылардың жинақтары сенімді қорғалған Зейнетке шығатын уақытта инфляция деңгейін ескере отырып, нақты салынған сома мөлшерінде, міндетті зейнетақы жинақтары түрлерінің сақталуына кепілдік беретін әлемдегі жалғыз ел Қазақстан болып табылады.