Прокуратура ұсынысы бойынша атқарылған жұмыстар

Прокуратура ұсынысы бойынша атқарылған жұмыстар
Облыстық прокуратураның ұсынысында көрсетілген коммерциялық мақсаттағы пайдаланылмай жатқан жалпы алаңы 704,3 га құрайтын 355 учаскенің ішінен облыстық жер инспекциясы тарапынан қазіргі кезде жалпы алаңы 404,1 га 164 жер учаскесі тексеріліп, ҚР Жер Кодексінің 92 бабы 2 тармағына сәйкес бұзушылықтарды жоюға 1 жылға нұсқама берілді.
Тексеру жалғасуда. Мемлекет меншігіне 54 жер учаскесі, алаңы 94,0 га қайтарылды. Қазіргі кезде 26 жер учаскесі, 56,6 га алаңда жерлерін мақсатына сай пайдалануда. ҚР Жер Кодексінің 92 бабы 2 тармағына сәйкес құрылысқа арналған жер учаскесі оны беру туралы шешім қабылданған күннен бастап 3 жыл болмаған және жалдау құқығы аяқталған 83 жер учаскесі 111,2 га алаңда тексеріске жатпайды. Тексеріске жататын коммерциялық мақсаттағы 24 жер учаскелері бойынша, жалпы алаңы 26,0885 га және жалға алу мерзімі өтіп кеткен 24 жер учаскелерін жалпы алаңы 13,4692 га жер қатынастары уәкілетті органдары шарттарды бұзып, әкімнің шешімдерімен мемлекет меншігіне қайтарылуын қамтамасыз ету жөнінде 28.03.2019 жылғы №1-2-1/376,-379 және қосымша 03.12.2019 жылғы №1-2-1/1342 шығыс хатпен тізімі көрсетіліп, Ақтөбе қаласының, Алға, Мұғалжар аудандарының әкімдіктеріне жолданды, осы жөнінде аудан әкімшіліктері жұмыс жүргізуде.
35 жер учаскесі, 71,6423 га алаңда ҚР Жер Кодексінің 92 бабы 2 тармағына сәйкес тексеріске жатпайды.
Қалған 38,3 га алаңдағы 28 жер учаскесі бойынша кейбір субъектілер тіркелген мекен–жайда тұрмауына және облыс аумағынан кетіп қалуларына байланысты облыстың құқық органдарымен бірге іздестіру жұмыстары жүргізіліп, субъектілер табылмағандықтан, 28 жер учаскесің иесіз мүлік ретінде тіркеуге қою үшін аудан әкімдіктеріне жолданды. Қазіргі кезде 2 ауданда 13 учаске 3,71 га алаңда иесіз мүлік ретінде есепке қойылды. 2 ауданда есепке қою жөнінде жұмыстар жүргізілуде.
Облыс бойынша ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік мақсаттағы жер учаскелерін тиімді әрі ұтымды пайдалануын қадағалау жұмыстары тұрақты бақылауда.