Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тексеру

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тексеру
Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 04 мамырдағы №151-IV «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру Ақтөбе қаласының және аудандардың атқарушы органдарының құзіретіне берілді. Сондықтан, біз қазір ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге 2018 жылдың 20 мамырынан бастап тексеру жүргізбейміз. Біз тек 2017, 2018 жылы тексеріп, 1 жылға нұсқама берілген агроқұрылымдардың жерлеріне бақылау тексеру жүргіземіз.
Басқарма тарапынан 2018 жылғы ауыл шаруашылығы мақсатындағы берілген 37 нұсқама бойынша 37 агроқұрылымға, жалпы алаңы 33019,81 га бақылау тексеру жүргізілді. Сол 37 агроқұрылымның 30-ынде 20785,81 га алаңда бұзушылық жойылды. 7 жер учаскесі, 12234 га алаңда өз еркімен мемлекет меншігіне қайтарылды.
4 шаруашылық бойынша, алаңы 36979 га бұзушылық жойылмағандықтан, іс- материалдары сотқа жіберіліп, соның ішінде 4 жер учаскесі, алаңы 36979 га сот шешімімен мәжбүрлеп мемлекет меншігіне қайтарылды.
2018 жылғы 27 қарашадағы облыс прокурорының жер саласындағы заң бұзушылықты және оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсынысында көрсетілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы көлемі 673 274,3 га 450 жер учаскесіне қатысты келесідей жұмыстар ұйымдастырылды:
- 228511,63 га 95 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды;
- 329152,24 га 218 жер учаскесі пайдалануда;
- 115610,43 га 137 жер учаскелері пайдаланылмауда, оның ішінде 78154 га 26 шаруашылық сот шешімімен банкрот, 37456,43 га 111 шаруашылық жер учаскелерін пайдаланбауда.
Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жер учаскелерін мемлекетке қайтару жұмыстары ұйымдастырылуда.