Атқарылған жұмыстар

Атқарылған жұмыстар
Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқарма бекітілген жұмыс жоспары аясында биылғы 2019 жылдың басынан бастап 36,69 мың га алаңда 517 тексеру жүргізді. Тексеру нәтижесінде 887,68 га алаңда ҚР Жер заңнамасын 250 бұзушылық анықталды, 30 бұзушыға қатысты әкімшілік өндіріс қозғалды. 30 бұзушыға қатысты жалпы сомасы 5296,191 мың теңге айыппұлдар түріндегі әкімшілік шаралар қолданылды.
Коммерциялық нысандар құрылысына берілген жерлер бойынша Басқарма аудандар мен Ақтөбе қаласының аумағында орналасқан 539,60 алаңдағы 246 жер пайдалану субъектісі тексеріліп, жалпы алаңы 531,55 га жерде 212 бұзушылық анықталып, жерлерді ұзақ уақыт бойы пайдаланбағаны үшін 212 бұзушыға ҚР Жер кодексінің 92, 94 баптарына сәйкес анықталған бұзушылықтарды жою және 1 жыл ішінде жерді өз мақсатында пайдалану қажеттігі туралы нұсқамалар берілді, ауыртпалықтар салынды. Алаңы 8,06 га 35 жер учаскесінде бұзушылық анықталған жоқ.