Жерді өз бетінше иелену

Жерді өз бетінше иелену
2-жартыжылдыққа бекітілген профилактикалық бақылау мен қадағалау тізімі негізінде заңды тұлғаның Байғанин ауданындағы мұнай ұңғымаларын қазу және пайдалану үшін берлген жерлеріне тексеріс жүргізіліп, ҚР Жер Кодексінің 43 бабының 10 тармағы нормаларының бұзылуы анықталды: «Егер облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң жер учаскесiн беру туралы шешiмiнде өзгеше көзделмесе, жер учаскесiнiң нақтылы (белгiлi бiр жердегi) шекарасы белгiленгенге дейiн және құқық белгiлейтiн құжаттар берiлгенге дейiн жер учаскесiн пайдалануға жол берiлмейдi. Осы норманы сақтамау жер учаскесiн өз бетiнше иеленiп алу деп бағаланады және Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк жауаптылықты көздейдi».
Жер иесіне заңбұзушылық фактісі бойынша айыппұл салынып, оны жою үшін 2 айға нұсқама берілді.