ҚазақстанРеспубликасының жер заңдылығы нормаларының бұзылуының алдын алу

Қазақстан Республикасының жер заңнамасы нормаларының сақталмауын және бұзылуын болдырмау мақсатында «Ақтөбе облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі келесіні еске салады:
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-бабының 10-тармағына сәйкес, егер облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң жеручаскесiн беру туралы шешiмiнде өзгеше көзделмесе, жер учаскесiнiң нақтылы (белгiлi бiр жердегi) шекарасы белгiленгенге дейiн және құқық белгiлейтiн құжаттар берiлгенге дейiн жер учаскесiн пайдалануға жол берiлмейдi. Осы норманы сақтамау жер учаскесiн өз бетiнше иеленiп алу деп бағаланады және Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк жауаптылықты көздейдi.
Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 136-бабына сәйкес, мемлекеттiк жер учаскелерiн заңсыз иеленіп алу немесе айырбастау не жерге мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жанама нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер жасау, сондай-ақ уақытша иеленген мемлекеттiк жердi уақтылы қайтармау –
жеке тұлғаларға – 75 (жетпіс бес),
лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 100 (бір жүз),
орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 150 (бір жүз елу),
iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 700 (жеті жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.