Жиі қойылатын сұрақтар

«Ақтөбе облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқармасы» ММ-не келесі мазмұндағы сұрақтар жиі келіп түседі:
- Жер учаскелерін нысаналы мақсатына сай пайдаланбау; (ол айғақтар бойынша жоспардан тыс тексерістер жүргізіледі, жер заңдылығы нормасының бұзылғандығы анықталған жағдайда жер иесіне ескерту беріледі немесе айыппұл салынады.)
- Мемлекет меншігіндегі жерлерді өз бетінше иелену; (Егер облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң жер учаскесiн беру туралы шешiмiнде өзгеше көзделмесе, жер учаскесiнiң нақтылы (белгiлi бiр жердегi) шекарасы белгiленгенге дейiн және құқық белгiлейтiн құжаттар берiлгенге дейiн жер учаскесiн пайдалануға жол берiлмейдi. Осы норманы сақтамау жер учаскесiн өз бетiнше иеленiп алу деп бағаланады және Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк жауаптылықты көздейдi. Құқық белгiлейтiн құжаттары ресiмделмеген жер учаскелерiне қатысты мәмiлелер жасасуға жол берiлмейдi. Мемлекеттiк жер учаскелерiн заңсыз иеленіп алу немесе айырбастау не жерге мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жанама нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер жасау, сондай-ақ уақытша иеленген мемлекеттiк жердi уақтылы қайтармау – жеке тұлғаларға – 75 (жетпіс бес), лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 100 (бір жүз), орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 150 (бір жүз елу), iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 700 (жеті жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.)
- Жер учаскесіне тексеріс нәтижесінде салынған ауыртпашылықты алып тастау; (жер заң бұзушылығын жою туралы субъектіге бұрын берілген нұсқаманың орындалуына бақылау тексеріс жүргізіледі, заң бұзушылық жойылған жағдайда жер учаскесіне салынған ауыртпашылық алынады).