Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру және нығайту жөніндегі ақпарат

Мемлекеттік қызмет беделі
Ақтөбе облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқармасы соңғы жылдары өздерінің алдына қойған міндеттерін абыроймен орындап шығу жолында көптеген нәтижелі істерге қол жеткізіп келеді. Басқарманың негізгі көрсеткішінің бірі - пайдаланбайтын немесе тиімсіз пайдаланып отырған ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік мақсаттағы жерлерді мемлекет меншігіне сот арқылы қайтару болды. 2017 жылы 51 жер учаскесі алаңы 95521 – гектар сот тәртібімен мемлекет меншігіне мәжбүрлеп қайтарылса, 2018 жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы алаңы – 52312,3 гектар 24 жер учаскесі өз еркімен, алаңы 12155,6 гектар 23 жер учаскесі сот тәртібімен мемлекет меншігіне мәжбүрлеп қайтарылды. Жер учаскелерін сот тәртібімен мәжбүрлеп қайтару жұмыстары маман тарапынан біліктілікті талап етеді.
Сондай талаптарды ұстанатын маманның бірі – Аманкулов Нурлыбек Жетписбаевич, мемлекеттік қызметте еңбек етіп келе жатқанына 13 жылдан асты. Жалпы жер саласындағы қызметі 6 жылды құрайды. Қобда ауданының тумасы, алғашқы жұмыс қадамын Қобда аудандық салық комитетінің бас салық инспекторы болып бастаған.
Жер инспекциясы саласына 2013 жылдың ақпан айында құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы болып келген. Қазіргі таңда Ақтөбе облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқармасының құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы – мемлекеттік инспектор болып жұмысын жалғастыруда. Басқарманың білікті, тәжірибелі маманы. Оның қатысуымен сот процестері арқылы заңсыз пайдаланып отырған жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылып келеді. Сонымен қатар, облысымыздың ауылшаруашылық, кәсіпкерлік мақсаттағы жерлерін тексеру жұмыстарына ат салысады.
Қызметтік міндеттерін адал орындайды, табандылық пен бастамашылық байқатады. Жоғары еңбек қабілеттілігімен ерекшеленеді. Алдында тұрған міндеттерді шешуге басшылық және оперативтік құрам күшін шебер бағыттайды. Н.Ж. Аманкуловқа 2016 жылы ерекше маңызды тапсырма орындағаны үшін басқарма басшысының №113 бұйрығымен алғыс жарияланды.
Өз ісін жетік білетін, жауапкершілігі мол маман. Әріптестерінің алдында беделді, құрметке лайық. Төрт бала тәрбиелеп отырған үлгілі отбасы иесі.
Білікті маман
Ақтөбе облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқармасы соңғы жылдары өздерінің алдына қойған міндеттерін абыроймен орындап шығу жолында көптеген нәтижелі істерге қол жеткізіп келеді. Басқарманың негізгі көрсеткішінің бірі - пайдаланбайтын немесе тиімсіз пайдаланып отырған ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік мақсаттағы жерлерді мемлекет меншігіне сот арқылы қайтару болса, өткен 2017 жылы Басқарманың талап – арызы негізінде 5 агроқұрылымның 95,2 мың га жері, 45 субъектінің жалпы алаңы – 325,7 га жері мемлекет меншігіне мәжбүрлеп қайтарылды. Жерді қайтару кезінде маманға – біліктілікті қажет етеді.
Сондай талаптарды ұстанатын маманның бірі - Ұлықпанова Раушан Мақсатқызы мемлекеттік қызметте еңбек етіп келе жатқанына 14 жылдан асты. Жалпы жер саласындағы қызметі 21 жылды құрайды. Хромтау ауданының тумасы, алғашқы жұмыс қадамын Хромтау ауданының Көктөбе совхозында есепші болып бастаған.
1999 - 2012 жылдары Ақтөбе қалалық жер қатынастары бөлімінде маман болып қызмет атқарған. 2012 жылдың аяғынан бастап жер инспекциясында, қазіргі таңда Ақтөбе облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқармасының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маманы – мемлекеттік инспектор болып жұмысын жалғастыруда. Басқарманың білікті, тәжірибелі маманы. Оның қатысуымен облысымыздағы күрделі жер заң бұзушылықтары тексеріліп келеді. Соның ішінде, тексерістермен облысымыздың ауылшаруашылық, кәсіпкерлік мақсаттағы жерлерді қамтиды. Жас мамандармен жинақтаған тәжірибесімен бөлісіп келеді.
Адал қызметі үшін 2016 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай мерекелік медальмен және тағы да басқа құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен марапатталған.
Өз ісін жетік білетін, жауапкершілігі мол маман. Әріптестерінің алдында беделді, құрметке лайық.
Мемлекеттік қызметтің жағымды имиджін қалыптастыру және бекіту туралы ақпарат
Президент Н.Назарбаев елді тиімді басқаруы үшін мемлекеттік қызметшіде болуға тиісті негізгі қасиеттерді атап көрсетті. Бұл – моралдық жоғары жауапкершілік, кәсіптік білім, білімін тәжірибеде қолдана білу, адалдық, ақ ниеттілік, белсенді өміршеңді ұстаным. Мемлекеттік қызметтегі әрбір адам өз жұмысының барлық маңыздылығын сезіне білуі және өз елінің патриоты болуы тиіс және мемлекеттік қызметтің беделін көтеру үшін барлық шараларды қолдануы қажет.
Мемлекеттік жүійені дамытудағы басым бағыттардың бірі Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісінің жағымды имиджін қалыптастыру және нығайту болып табылады. Қазақстанның 2030 жылға дейін даму Стратегиясында кәсіби мемлекет құру ұзақ мерзімді басымдықтардың бірі болып белгіленген. Біздің мемлекетіміздің алдында тұрған кәсіби жоғары мемлекеттік қызметті және басқарудың тиімді құрылымын құру ісіндегі міндеттерді іске асыру көбінесе мемлекеттік қызметшінің кәсіптілігіне негізделеді. Мемлекеттік қызмет үшін имидж маңызды функционалдық және мәртебелік мәнге ие. Ол халықтың оған деген сенімі деңгейінің көрсеткіші және қоғамның басқару қызметінің тиімділігін, мемлекетпен жүргізілген қайта құруларды бағалаудың критерийі болып табылады.
Мемлекеттік қызметшінің жағымды имиджіне қойылатын негізгі қағидалар Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексінде белгіленген, онда: «Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қояды» деп көрсетілген.
Басқарманың мемлекеттік қызметшілері мемлекеттік қызметшінің жағымды имиджін қалыптастыру – сапалы шешімнің ең күрделі мәселесі, ол бойынша жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Нұр Отан" ХДП-ныңСыбайлас жемқорлыққа қарсы форумында сөйлеген сөзінен мемлекеттік қызметшінің 8 этикалық нормасы
Мемлекеттік қызметші төмендегі этикалық нормалардың қағидаларын басшылыққа алуы тиіс.
1. Мемлекеттік қызметші билік пен өз өкілеттіктерін қолдана білуі және адал болуы керек.
2. Мемлекеттік қызметте өз қамы үшін емес мемлекет игілігіне жұмыс істеуі, мемлекет қаржысын өз қалтасымен шатастырмауы керек.
3. Шенеунік «Қандай қаражатқа өмір сүресің?» деген сұрақтан қорықпай өмір сүруі тиіс, яғни өзінің зәулім сарайлары мен оны қоршаған дуалдар және қымбат шетелдік маркалы көліктерінің суреттері жариялануына негіз болмауы керек.
4. Мемлекеттік қызметші заң талаптарымен толық сәйкестікте өмір сүруі керек.
5. Кез келген орында, кез келген лауазымда қандай жағдай болса да халықтың, өз елі азаматтарының сенімін жоғалтпай жұмыс істеуі керек.
6. Қазақстандық мемлекеттік қызметші әділдіктің, қарапайымдылықтың үлгісі болып, адамдар арасында өзін ұстай білуі керек.
7. Мемлекеттік қызметші ұжымға басшылық жасамас бұрын, бағына білуді үйренуі, өз қызметкерлерінен талап етіп отырғанын өзі орындай білуі керек.
8. Егер мемлекет мүддесіне нұқсан келіп жатқанын немесе сыбайлас жемқорлық әрекеттерін көрсе, дереу араласып, шаралар қолдануы керек.
Бұл тек мемлекеттік мекеме органдарының қызметкерлеріне қойылатын моральдық талаптардың бөлігі ғана.
Біз мемлекеттік қызметке және билікке мен белгілеген этикалық нормаларды қатаң орындайтын адамдарды тәрбиелеуіміз және әкелуіміз қажет. Мұндай тұлғалар Отанының гүлденуі үшін барлығын жасайтын нағыз патриот болмақ.