Басшы орынбасары

Тілеген Базарбайұлы Жаңабергенов 1957 жылы 18 маусымда Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының Жұрын селосында дүниеге келген.
Өзінің еңбек жолын 1974 жылы Жұрын селолық совет бухгалтері қызметінен бастаған.
1978-1998 ж.ж. - Жұрын астық қабылдау кәсіпорынында өндіріс меңгерушісі, директордың орынбасары, Ембі астық қабылдау кәсіпорынында директор, Ақтөбе облыстық астық өнімдері басқармасында, Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылық басқармасында бөлім бастығы.
1998-2014 ж.ж. – «Ақтөбе облысы бойынша жерді пайдалануды және қорғауды бақылау жөніндегі жер инспекциясы» ММ бөлім басшысы, «Ақтөбе қаласының жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі комитеті» ММ төрағасының орынбасары, "Ақтөбе жер" МҚК директоры, «Ақтөбе облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеті» ММ төрағасының орынбасары, басшысы.
2015 жылдың ақпан айынан "Ақтөбе облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқармасы" ММ басшысының орынбасары қызметін атқарып келеді.
Жерге орналастыру саласындағы адал еңбегі үшін Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігі тарапынан "Құрметті жерге орналастырушы" төс белгісімен, құрмет грамотасымен, Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің құрмет грамотасымен және де Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.
Азаматтарды қабылдау:
әр жұма күні 14.00 - 16.00 аралығында өткізіледі.
Байланыс телефоны: 8 (7132) 90-80-73;
Электрондық пошта адресі: t.zhanabergenov@aktobe.gov.kz