Азаматтар мен ұйымдардың өтініштеріне шолулар

2019 жылдың қорытындысы бойынша азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін қарау жұмысының жағдайы туралы
«Ақтөбе облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқармасы» ММ-де азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін қарау жұмысы ҚР нормативтік –құқықтық актілерінің талаптары негізінде жүргізіледі.
2019 жылдың ішінде басқарма адресіне барлығы 3159 хат келіп түскен, оның 2964 - мемлекеттік ұйымдардың сұраныс хаттары болса, 195 - азаматтар мен ұйымдардың өтініштері.
Келіп түскен азаматтар мен ұйымдар өтініштерінің: 45 – жер заңдылығының бұзылу фактілері туралы болса,52 – жер учаскелеріне салынған ауыртпалықтарды алу туралы; 48 – қалалық және аудандық жер қатынастары бөлімінің мамандарына шағым; 8- жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару туралы; 5 – өтінішті қараусыз қалдыру жөнінде; 37- өзге сұрақтар. 2 өтініш орындалу барысында болса, қалғандарына тиісті мерзімдерінде жауаптары берілген. Азаматтарды басшылықпен жеке қабылдау апта сайын графикке сәйкес жүргізіліп отырады.
Басшылықтың жеке қабылдауына 8 адам келген, сұрақтар ауызша болған. Басқарма қызметкерлерімен өтінішке жауап беру мерзімін бұзу жағдайлары болмаған. Азаматтар тарапынан бұл жөнінде шағымдар түспеген.
2019 жылдың 1-тоқсаны бойынша азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін қарау жұмысының жағдайы туралы
«Ақтөбе облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқармасы» ММ-де азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін қарау жұмысы ҚР нормативтік –құқықтық актілерінің талаптары негізінде жүргізіледі.
2019 жылдың 1-тоқсанында басқарма адресіне барлығы 790 хат келіп түскен, оның 754 - мемлекеттік ұйымдардың сұраныс хаттары болса, 36 - азаматтар мен ұйымдардың өтініштері.
Келіп түскен азаматтар мен ұйымдар өтініштерінің: 16 – жер заңдылығының бұзылу фактілері туралы болса,6 – жер учаскелеріне салынған ауыртпалықтарды алу туралы; 1 – қалалық және аудандық жер қатынастары бөлімінің мамандарына шағым; 3- жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару туралы; 2 – бақылау тексеріс жүргізу туралы; 8- өзге сұрақтар.
2019 жылдың 29 наурызы кезеңіне 3 өтініш орындалу барысында болса, қалғандарына тиісті мерзімдерінде жауаптары берілген.
Азаматтарды басшылықпен жеке қабылдау апта сайын графикке сәйкес жүргізіліп отырады.
1 тоқсанда басшылықтың жеке қабылдауына 2 адам келген, сұрақтар ауызша болған.
Басқарма қызметкерлерімен өтінішке жауап беру мерзімін бұзу жағдайлары болмаған. Азаматтар тарапынан бұл жөнінде шағымдар түспеген.
Азаматтар мен ұйымдардың өтініштеріне шолулар
«Ақтөбе облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқармасы» ММ-де 2018 жылдың 3-тоқсаны бойынша азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін қарау жұмысының жағдайы туралы
«Ақтөбе облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқармасы» ММ-де азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін қарау жұмысы ҚР нормативтік –құқықтық актілерінің талаптары негізінде жүргізіледі.
2018 жылдың 3-тоқсанында басқарма адресіне барлығы 776 хат келіп түскен, оның 736- мемлекеттік ұйымдардың сұраныс хаттары болса, 40 - азаматтар мен ұйымдардың өтініштері.
Келіп түскен азаматтар мен ұйымдар өтініштерінің: 10 – жер заңдылығының бұзылу фактілері туралы болса, 12 – жер учаскелеріне салынған ауыртпалықтарды алу туралы; 4 – қалалық және аудандық жер қатынастары бөлімінің мамандарына шағым; 14 – өзге сұрақтар.
Негізінен өтініштер төмендегідей мазмұнда:
- Көршісінің ауласынан салынып жатқан кафе құрылысының заңдылығын тексеру жөніндегі жеке тұлға арызы (көрсетілген жер учаскесінің нақты мәліметтері тексеріліп, жер учаскесінің нысаналы мақсаты кеңсе құрылысы үшін берілгендігі хабарланды);
- Бау-бақша үшін берілген жерді көршісінің басқа мақсат үшін пайдаланып отырғандығы жөніндегі арыз (жер учаскесі басына барып тексерілді, заң бұзушыларға заң нормасы түсіндірілді, заң бұзышылықты жоюға нұсқама берілді);
- КСК-ның үй аумағын қоршаған әрекетіне жеке тұлғаның арызы (КСК-ның үй аумағын қоршау құжаттары, жер учаскесінің құжаттары тексерілді. Арыз берушіге КСК жерін заңды пайдаланып отырғандығы түсіндірілді);
- Көршісінің мемлекет жерін өз бетімен иеленіп алу фактісіне арызы (жер учаскесіне жоспардан тыс тексеріс жүргізіліп, нәтижесінде заң бұзушылық табылмады);
- «Ақтөбе қалалық жер қатынастары бөлімі» ММ қызметкерлерінің әрекетіне арыз (осындай 2 хаттағы сұрақ басқарма құзырына кірмегендіктен, олар ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жер ресурстарын басқару комитетіне жолданды);
- Заң бұзушылықты жою туралы берілген нұсқамаларды орындауына байланысты жер учаскесіне қойылған ауыртпашылықты алып тастау жөніндегі хаттарға (олар бойынша бақылау тексерістер жүргізіліп, нәтижесінде ауыртпашылықты алу туралы хаттар облыстық әділет басқармасына жолданды);
- Әкімшілік айыппұл төлеу мерзімін создыру жөнінде (3 айға созылғаны жөнінде жауап берілді);
- Жер учаскесінің өлшемімен келіспеуіне байланысты екінші қайтара тексеріс жүргізу туралы өтініш (екінші қайтара тексеріс жүргізу заңмен қарастырылмағаны, тек сот тәртібімен арыздану құқығы бар екені түсіндірілді).
2018 жылдың 9 қазаны кезеңіне 2 өтініш орындалу барысында болса, қалғандарына тиісті мерзімдерінде жауаптары берілген.
Азаматтарды басшылықпен жеке қабылдау апта сайын графикке сәйкес жүргізіліп отырады.
3 тоқсанда басшылықтың жеке қабылдауына 18 адам келген, оның 13 сұрақтар ауызша болса, қалғандары бойынша әңгімелесу барысында жазбаша өтініштер қабылданып, белгіленген тәртіпте жауаптары берілген.
Азаматтар мен заңды тұлғалар өтініштерімен жұмыс бойынша тұрақты бақылау қамтамасыз етілген. Жауапты ретінде жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау бөлімінің маманы белгіленген. Бақылау ЕСЭДО ( «Азаматтар өтініштері» жүйесі) жүйесінде жүргізіліп отырады.
Басқарма қызметкерлерімен өтінішке жауап беру мерзімін бұзу жағдайлары болмаған. Азаматтар тарапынан бұл жөнінде шағымдар түспеген.
Халықтың бақарма қызметінің тиімділігін бағалауда негізгі көрсеткіштер болғандықтан азаматтардың, заңды тұлғалардың өтініштерін, мемлекеттік ұйымдардың сұраныстарын қарау және қанағаттандыру мемлекеттік орган ретінде басқарманың басты міндеттерінің бірі болып саналады. Жұмысқа формальдік қарауды бодырмау керек. Осы жұмыстың дұрыс ұйымдастырылуы, оның орындалуын бақылау және басшыға тиісті шара қолдану туралы уақытылы баяндау – жауапты маманның, сонымен қатар құрылымдық бөлім басшыларының тікелей міндеті. Өтініш берушіге берілетін жауаптың толық, сапалы дайындалу міндеті - орындаушы маманға жүктеледі.
Добавлено: 
29.09.2016 - 05:00
Последние изменения: 
29.09.2016 - 05:00